Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ДДСҰ коронавирус жұқтырудың рекордтық өсімін тіркеді

2020 жылдың 28 қазан 2020 09:35

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат – Өткен аптада әлем бойынша коронавирусқа шалдығушылардың рекордтық саны тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының эпидемиологиялық бюллетенінде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

19-25 қазан аралығында 2,8 млн COVID-19 анықталған. Бұл – пандемия басталғалы ең жоғары көрсеткіш. Бір апта ішінде коронавирустан 40 мыңға жуық адам көз жұмған.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, ауру, әсіресе, Еуропа өңірінде жылдам тарауда. COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайларының жартысы аталған аймақтан тіркелген. Бір апта ішінде Еуропада 1,3 миллионнан астам адам коронавирусқа шалдыққан. Бұл – алдыңғы аптадағы көрсеткіштен 33% -ға көп.

Коронавирус жұқтырудың апталық өсімі бойынша алғашқы бестіктегі елдер:

Францияда — 217,7 мың адам ауру жұқтырған;

Ұлыбританияда — 148,5 мың;

Ресейде — 114,5 мың;

Италияда — 101,9 мың;

Бельгияда — 90,8 мың.


Автор Аяулым Алтынбек
Басты сөздер: Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай