Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ДДСҰ Еуропалық бюросы пандемия кезінде гендерлік теңсіздіктің күшейгендігін мәлімдеді

2021 жылдың 4 наурыз 2021 18:51

СТОКГОЛЬМ. ҚазАқпарат - Пандемия Еуропадағы құрылымдық гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Пандемия басталған кезде бұл аймақта бірде-бір ел гендерлік теңдікке қол жеткізе алмады. Бірде-бір. Көбінесе әйелдер қауымы балаларды үйде карантинде оқытуға жауап береді. Балаға ақы төленбейтін күтім бірінші кезекте әйелдердің міндетіне айналады, бұл олардың ақы төленетін жұмысты орындау мүмкіндіктерін шектейді», - деді ол.

Оның айтуынша, әйелдер әлі күнге дейін ұлттық немесе жаһандық деңгейде пандемияға қарсы шаралар туралы шешім қабылдау процесіне қатыспайды. Бұл ретте әлемнің медициналық мекемелеріндегі 10 денсаулық сақтау қызметкерінің 7-ден астамы - әйелдер, ал Еуропа өңірінде медбикелердің 84% - ы және дәрігерлердің 53% -ы.

Аймақтық бюроның директоры COVID-19 жаһандық жағдайларының 8% -ы денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне тиісті екендігін және олардың жұқтыру қаупі пациенттердің көпшілігіне қарағанда үш есе көп екенін түсіндірді. Бес апта бұрын коронавирус жұқтырған 1,3 миллион медицина қызметкерінің 68% - ы әйелдер болды.


Жоғары қарай