Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ДДСҰ басшысы: Мемлекеттер COVID-19 вирусын анықтайтын 120 миллион экспресс-тест алады

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 11:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы жарты жылда табысы төмен және орташа елдер вирусты тексеретін 120 миллион қолжетімді, сапалы және жылдам экспресс-тест алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат news.un.org-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін арнайы брифинг барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді.

«COVID-19 вирусын неғұрлым тез анықтасақ, қауіпті вирусты жұқтырған адамдарды оқшаулау және емдеу шараларын соғұрлым тез қабылдаймыз», - деді ол.

ДДСҰ басшысының айтуынша, тестілеудің жаңа әдістемесі шамамен 15-20 минут ішінде сенімді қорытынды алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте жаңа тесттің бағасы арзанырақ және күрделі техникалық жабдықтың болуын қажет етпейді.

«Бұл тестілеуді медициналық зертханалары мен дайын мамандары жоқ аудандарда кеңейтуге жол ашады», - деп атап өтті Тедрос Адханом Гебрейесус.

Қазіргі кезде бір экспресс-тесттің бағасы шамамен бес АҚШ долларын құрайды. Бұл бұған дейін шығарылған тестілерден әлдеқайда арзан. ДДСҰ алдағы уақытта баға одан әлі де төмендейді деген болжам жасап отыр.

ДДСҰ басшысы 120 миллион тестіні жеткізу туралы келісімге өндіруші компаниялар мен Билл және Мелинда Гейтс қоры қол қойғанын мәлімдеді.

«Ресми түрде расталған келісім бар, жоба қаржыландыру басталды, енді бұл тестілерді толық көлемде сатып алуға қажетті соманы жинау керек», - деді ол.


Жоғары қарай