Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дауылдан зардап шеккен Степноргорск ауылдарында ТЖ режимі енгізілуі мүмкін

2021 жылдың 28 шілде 2021 11:37

СТЕПНОГОРСК. ҚазАқпарат – Степноргорск қаласының қатты дауылдан зардап шеккен Изобильный және Бестөбе ауылдарында ТЖ режимі енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Степногорск қаласы әкімінің баспасөз қызметі қала әкімдігінің келісім күтіп отырғанын мәлімдеді.

«Құжаттар Министрлікте келісілуде. Сол себепті ТЖ ресми түрде әлі жарияланбады», - деді Степногорск қаласы әкімінің кеңесшісі Ұлболсын Молдахметова.

Дауылды желдің салдарынан екі ауылда 38 үй мен әлеуметтік нысанның шатыры қирап, олардың алтауы қатты зақымданған. Одан бөлек, Изобильный және Подхоз ауылдарының тұрғындары желдің трансформаторды зақымдауы мен электр беру желілерінің 40 тірегін құлатуы салдарынан электр жарығысыз қалып отыр.

ТЖ-ның енгізілуі адамдарға келтірілген шығындарды қайтаруға көмектесетіні аталып өтілді.

«Егер ТЖ енгізсек, зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсете аламыз. Оларға 40 АЕК көлемінде көмек қарастырылады», - деп қорытты Ұ. Молдахметова.











Жоғары қарай