Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дәурен Абаев: Жаңа мүшел – жаңа дәуірде егемен еліміз қуатты мемлекетке айналсын

2020 жылдың 22 наурыз 2020 11:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Наурыз мейрамына орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті достар! Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Жаңару мен жаңғырудың бастауы, ырыс пен молшылықтың арқауы іспеттес бұл мейрамды халқымыз айрықша ықылас-үмітпен, ізгі амал-тілекпен қарсы алған. Біз де қиындықтар мен сынақтардың барлығы өткен жылдың еншісінде қалып, жаңа жыл елімізге амандық, жұртымызға тыныштық әкелсін деп тілейік. Басталған жаңа мүшел – жаңа дәуірде егемен еліміз қарқынды дамып, қуатты мемлекетке айналсын! Әз-Наурыз Отанымызға береке-бірлігімен, әрбір шаңыраққа шаттық-несібесімен келсін!» делінген министрдің Facebook парақшасындағы құттықтауында.


Жоғары қарай