Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Дәурен Абаев: Үш қаладағы шектеу шаралары коменданттық сағат емес

2020 жылдың 26 наурыз 2020 20:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев үш қаладағы шектеу шаралары коменданттық сағат болмаса да, биліктің қауіпсіздік бойынша барлық шарасын ұстану керектігін айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вирустың ел ішінде тарауы өсіп келе жатыр. 28 наурыздан бастап республикалық маңызы бар үш қалада жаңа шектеу шаралары күшіне енеді. Бүгін Үкімет жариялаған Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына қатысты шектеулер – коменданттық сағат емес. Бірақ ол талаптарды қатаң сақтау керек», - деді Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасында онлайн режімде өткен брифингте.

Министр халыққа сақтық шараларын орындауды өтінді.

«Үйде болыңыздар! Аман болайық. Ертең Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы көз жұмған әйелге қатысты ақпаратты береді. Бұл жағдай – коронавирус инфекциясының қаупін тағы бір еске салып отыр. Қазір болып жатқан жағдай – бәріміз үшін сынақ. Оқшаулану бойынша биліктің барлық талабын орындау керек», - деді министр.


Жоғары қарай