Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Дәурен Абаев Рождество мерекесімен құттықтады

2020 жылдың 7 қаңтар 2020 11:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев еліміздегі православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр Нұр-Сұлтандағы Свято-Успенский кафедралды шіркеуіне барып қайтты.

«Бүгін бүкіл православ әлемі христиандардың басты мерекелерінің бірі – Иса Пайғамбардың туған күнін тойлайды. Тарихи православ дәстүрлері әлемдегі халықтарды біріктіріп, елдерде бірлік пен келісімнің нығаюына септігін тигізеді. Дәл осы жарқын әрі мейірімді мерекеде жақсылық пен мейірімділіктің мәңгілік құндылықтары, кішінің үлкенге деген құрметі ұлықталады. Өзінің терең маңызымен бұл мереке қазақстандықтарды біріктіре түсіп, біздің елдегі бірлік пен конфессияаралық келісімді сақтауға айтарлықтай үлес қосады. Қазақстандықтар діни сеніміне қарамастан, әрдайым бір-бірін маңызды діни мерекелерде құттықтап келеді. Осынау мереке жылу мен махабат, достық сыйласын. Баршаңызға жақсылық пен жарқын болашақ тілеймін», - деді Дәурен Абаев.

Айта кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтаған болатын.


































Жоғары қарай