Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Дәурен Абаев Президенттің қызметтен кететіні туралы әңгімелерге пікір білдірді

2020 жылдың 19 наурыз 2020 21:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ҚР Президенті қызметінен кететіні туралы әлеуметтік желідегі әңгімелерге қатысты айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылдың 19 наурызы шын мәнінде тарихи күнге айналды. Бұл күн біздің елімізді өзгертті, тарихымыздағы жаңа меже басталды. Әрине, бұл шешім барлығымыз үшін тосыннан келді. Меніңше, Елбасының бұл шешімінің тереңдігі мен даналығын біраз жылдардан кейін ғана сезінетін боламыз. Ал нақты бағасын біздің балаларымыз, тіпті немерелеріміз беруі мүмкін», - деді министр «Хабар» телеарнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Сонымен бірге, Д. Абаев билік транзитінің бір жылдығы аясында «Президенттің өз қызметінен кететіні» туралы қаңқу сөздерге пікір білдірді.

«Шынымды айтсам, мұндай «ас үйдің әңгімесіне» пікір білдірудің өзі ыңғайсыз. Бірақ, бұл тақырыптың тарап кеткені соншалықты, құрметті сарапшылар мен журналистерден бастап, емдеуде жатқан нашақорларға дейін талқылап жүр. Жай ғана қажетті, нақты мәселелерге көңіл бөлейік дегім келеді. Бәлкім, біздің назарымызды өзекті мәселелерден бұрғысы келетіндер бар шығар», - деді ол.

Министрдің айтуынша, барлық фейк-ақпараттарға құзырлы органдар өздерінің құқықтық бағасын береді.

«Қазір маңызды мәселелерге көңіл бөлуіміз қажет. Біздің заңды түрде сайланған, халықтың сенімі мен Елбасының қолдауына қол жеткізген Президентіміз бар», - деді Дәурен Абаев.


Жоғары қарай