Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Датчик тағылған Қазақстандағы жалғыз аналық қасқыр Науырзым қорығын мекендейді

2020 жылдың 31 қаңтар 2020 23:35

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Спутниктік датчик тағылған Қазақстандағы жалғыз аналық қасқырдың жүрген жерін осы айда «Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының» (ҚБСҚ) және Науырзым қорығының мамандары көріп қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚБСҚ-ның Facebook-парақшасына сілтеме жасап.

Он күн ішінде қасқырлар жүруі мүмкін жерлер зерттелді, фототұзақтар тексеріліп, жаңалары орнатылды. Қорық инспекторлары берген ақпараттарға және қасқырға орнатылған спутниктік құрал мәліметтеріне сүйене отырып, мамандар екі жерден бұланның аналығы мен аталығының қалдықтарын тапты. Айналадағы іздерге қарағанда қасқырлар мұнда ара-тұра келіп тұрған.




Ал жақында ғана өлтірілген хайуандардың қалдықтары маңындағы іздер әрбір қасқырдың қозғалыс траекториясын жасауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ қасқырлардың қан тамған іздері табылған. Бұл, қар мен жаңбырдан кейін пайда болған қатқақ жануарлардың табанын жарақаттағанын білдіреді.

«Науырзым қорығындағы қасқырлардың популяциясын зерттеуді жалғастырамыз. Аталған жұмыс қасқыр бойынша жоба аясында «Алтын дала» халықаралық табиғатты қорғау бастамасы шеңберінде жүргізілуде», - делінген ҚБСҚ жазбасында.





Жоғары қарай