Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Дарын» сыйлығының иегерлері белгілі болды

2021 жылдың 24 қараша 2021 12:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат-Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумы аясында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыйлықтың биылғы иегерлерін ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев пен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева марапаттады.

«Дарын» сыйлығы биыл да 10 номинация бойынша берілді.

Сонымен «Дарын-2021» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарының тімізімі мынадай:

1. «Ғылым» номинациясы бойынша сыйлық иегері – Есіркегенов Нұрғиса Аманкелдіұлы болды;

2. «Қоғамдық қызмет» номинациясында – Сансызбайұлы Балмейір, Бахретдинов Валихан Кабимуллаевич;

3. «Журналистика» номинациясы бойынша – Кеңшілік Ғалымжан Бауыржанұлы, Тұлжан Ақбөбек Нұрбаулықызы;

4. «Халық шығармашылығы» номинациясында – Елеусіз Ардақ Тимурұлы, Олжабай Темірлан Мақсатұлы, Наурыз Ернат Нұрбергенұлы;

5. «Классикалық музыка» номинациясында – Әбілда Алтынбек Еркінбайұлы;

6. «Театр және кино» номинациясында – Танабаева Ақмарал Нұрайқызы, Қанатқызы Риза;

7. «Спорт» номинациясында – зілтемірші Сон Игорь Сергеевич, дзюдошы Сметов Елдос Бақтыбайұлы;

8. «Эстрада» номинациясы бойынша –Байдүкенова Рухия Еділқызы, Алмадиев Әлібек Бекболатұлы;

9. «Әдебиет» номинациясында – Сәрсенхан Батырхан Бөріханұлы, Ахмер Біржан Ермекұлы;

10. «Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясында – Атабек Әлібекұлы Бекболатов.

Сыйлық иегерлеріне «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы мен диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы табысталды.















Жоғары қарай