Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Дәрілік заттарды заңсыз сатқан 21 адам ұсталды

2020 жылдың 6 шілде 2020 14:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің барлық өңірінде дәрілік заттардың заңсыз саудасының алдын алуға бағытталған рейд өткізіліп, 21 адам ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 5 шілде күні карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін пайдаланып, респираторлы-вирустық ауруларды емдеуге арналған препараттарды жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен азаматтарды анықтау үшін барлық өңірде рейд жүргізілген.

«Рейдтік іс-шаралардың бірінші күні полицияға барлығы 21 адам жеткізілді. Олардан 3500-ден астам дәрілік зат тәркіленді. Оның ішінде 2100 қорап Ацетилсалицил қышқылы, 589 қорап Парацетамол, 230 ампула Цефтриаксон бар. Сондай-ақ 17 800 медициналық маска, бір рет қолданылатын 60 қолғап, 105 қорғаныс халаты (комбинезондар), 80 қорғаныс көзілдірігі, 79 термометр және 100-ден астам антисептикалық құрал (300 литр) тәркіленді», - деп атап өтеді министрліктен.

Барлық анықталған фактілер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі.

«Ішкі істер министрлігі дәрі-дәрмектерді заңсыз сатуға тап болған азаматтарды, сондай-ақ мұндай фактілер анықталған жағдайда жақын жердегі аумақтық полиция бөлімшелеріне немесе 102 және 112 телефондары арқылы хабарлауға шақырады. Рейдтік іс-шаралар жалғасуда», - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.


Жоғары қарай