Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дәрігерлердің жалақысы үш жылда қай сомада артады

2021 жылдың 3 наурыз 2021 17:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов дәрігерлердің жалақысын көтеру жоспары жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау қадамдарын мемлекет басшылығы ерекше бақылауда ұстап отыр. Мемлекет басшысы кезең-кезеңмен дәрігерлердің жалақысын көтеру міндетін қойды. 2023 жылға қарай дәрігерлердің еңбекақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе жоғары деңгейге жетеді деп болжануда», - деп тоқталды бірінші вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, қазіргі кезде елімізде 247 мың медицина қызметкері жұмыс істеп жатыр. Осы орайда жалақыны көтеруді ескере отырып, 2021 жылға 222 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар, 2022 жылы – 362 млрд теңге, 2023 жылы - 557 млрд теңге бөлінбек.

«2021 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 320 мың теңге болады. 2023 жылы 560 мың теңгеге дейін жетеді. 2021 жылы орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 173 мың теңгені құраса, 2023 жылы 210 мың теңгеге жетеді», - деді Марат Шоранов.


Жоғары қарай