Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Дәрігерлерді коронавируспен күреске қайта дайындау қашан басталады

2020 жылдың 6 шілде 2020 13:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана медицина университеті коронавируспен күреске қажетті медициналық мамандықтар бойынша дәрігерлерді қайта дайындау бағдарламасын әзірледі. Бұл туралы аталған оқу орнының кафедра меңерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Нұрила Малтабарова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні Астана медицина университетінде зертханалық диагностикалау дәрігерлерін дайындау, індет талаптары бойынша қажетті өзге де мамандық дәрігерлерін қайта дайындау бағдарламасы әзірленді. Қайта дайындау жұмыстары осы жылдың 3 тамызынан басталады деп жоспарлануда. Еліміздің 7 өңіріне бағдарламаның дайындалғаны туралы ақпараттық хат жіберілді. Өтінім күтіп отырмыз. Біз жас мамандарды қабылдауға дайынбыз», - деді Нұрила Малтабарова.

Ал осы оқу орнының Балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, инфекционист-дәрігер Баян Тұрдалина инфекционист, анестезиолог-реаниматолог болғысы келген дәрігерлерді қабылдауға дайын екендерін айтты.


Жоғары қарай