Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Дәрігерлерді қолдай отырып, олардың қызметіне рухани көмек беруге шақырамын - Қасымхан Бегман

2020 жылдың 1 сәуір 2020 16:39

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Мен барша халықты дәрігерлерді барынша қолдап, қатер үстінде жасап жатқан қызметтеріне рухани көмек беруге шақырар едім. Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қасымхан Бегман короновируспен күресіп жүрген дәрігерлерге қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайдв ҚазАқпарат.

«Осындай қиын-қыстау кезеңде жанын қатерге тігіп, отандастарымызды аурудан аман алып қалу жолында талмай, тынбай қызмет жасап жатқан дәрігерлердің еңбегі ерен. Өз отбасы, ұл-қыздарын Аллаға аманаттап, адам жанына араша болып жүрген олардың қазіргі еңбегі қандай құрметке болса да лайық. Осыны ескеріп, Президентіміз маңызды шешім қабылдады. Қызмет етіп жатқан орнының, жағдайының қауіптілігіне қарай жалақысына үстемақы тағайындады. Ақша - адам жанына арашашы бола алмайды. Дегенмен, бұл шешім медицина мамандарын сапалы жұмысқа ынталандырудың төте жолы», - деді Қасымхан Бегман.

Оның айтуынша, бұл бастаманы халық жаппай қуаттаған.

«Себебі, дәл қазіргі кезеңде Алладан кейінгі сенеріміз де, сүйенеріміз де сол ақ халаттылар. Ауруға душар болған отандастарымыздың алды айығып, өз үйлеріне оралуы – халықтың дәрігерлер қауымына деген сенімін еселей түскендей.

Мен барша халықты дәрігерлерді барынша қолдап, жағымсыз пікір, жөнсіз қылжақпен жандарын ауыртпай, қатер үстінде жасап жатқан қызметтеріне рухани көмек беруге шақырар едім», - деді ол.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырма берген еді. Осыған орай Үкімет басшысы Асқар Мамин мемлекеттік комиссияның отырысын өткізіп, онда арнайы шешім қабылдады. Аталған шешімге сәйкес медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай 3-топқа бөліне отырып, олардың жалақысына үстемеақы қосылады.


Жоғары қарай