Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дәрігерлер шекарадан өтуге қажетті анықтаманы қолдан жасаған – ҰҚК

2020 жылдың 26 қараша 2020 11:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қауіпсіздік комитеті карантин шектеуі кезіндегі ҚР аумағына заңсыз кіру-шығу арнасын тоқтатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің сайтына сілтеме жасап.

Комитеттің ШҚО-дағы департаменті «Ж» жеке медициналық орталығының Қазақстан шекарасын заңсыз өтуге қолданылатын жалған дәрігерлік консультациялық комиссия (ДКК) қорытындысын сатуды тоқтатқан.

«18 қыркүйекте жалған ДКК қорытындысын сатып алу арқылы аталған медициналық орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеті расталды. Бүған дейін берілген 200 жуық ДКК қорытындысы, дәрігерлердің қолы мен таңбасы қойылған толтырылмаған бланкілер, таңбалар және компьютер табылып, тәркіленді. Куәгерлерден жауап алу нәтижесінде ДКК түпнұсқалары алынып, экспертизаға жолданды», делінген хабарламада.

Медициналық орталық директорының орынбасары мен бас дәрігері 5 мың теңгеге жалған ДКК қорытындысын сатқан. Олар шетел медициналық мекемесінен шақыру қажет болған жағдайда, қызмет бағасын 10 теңгеге бағалаған.




Аталған іс бойынша комитеттің ШҚО бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-тармағымен қылмыстық іс қозғады.

Тергеу шаралары және жинақталған дәлелдеме нәтижесінде күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады. 19 қарашада сот күдіктілерді Қылмыстық кодекстің 385-бабы 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысына 1 000 АЕК көлемінде айыппұл тағайындады.

Тағы айта кететін жайт, соңғы кезде Қазақстан азаматтары және шетелдіктердің түрлі заңсыз жолмен, жалған медициналық анықтамамен ҚР-РФ шекарасын заңсыз өту фактілері тіркелген.

Қыркүйек айынан бері үш ШҚО тұрғыны жалған медициналық анықтамамен шекарадан заңсыз өтпек болғаны анықталды.





Басты сөздер: Қауіпсіздік, ҚР ҰҚК,
Жоғары қарай