Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дәрігерлер өтемақысына қатысты Алексей Цойды Мәжіліске шақыртты

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 13:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирусқа шалдыққан медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу мәселесі Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысумен қаралатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл тақырып (дәрігерлерге төлем жасау) өте өзекті. Жақын арада «Nur Otan» партиясы фракциясына Цойды (Денсаулық сақтау министрі) және басқа мемлекеттік органдардың басшыларын шақырамыз. Олар осы мәселеге қатысты есеп беруі керек», - деді Н. Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда ол аталған мәселеде Президентің тікелей тапсырмасын орындау назарға алынатынын жеткізді.

«Медицина қызметкерлері өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Қауіптің алдыңғы шебінде тұрды. Кейбіреуінің денсаулығы нашарлап, кейбір дәрігерлер қайтыс болды. Осы бағытта дәрігерлерді қолдау шаралары тиісті деңгейде орындалмаған. Министрді шақыртып, «Nur Otan» фракциясы осы мәселелерді қарастырады», - деді Мәжіліс төрағасы.


Жоғары қарай