Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Дәрігерлер емделіп жатқан пациенттерге ем-дом әдісі туралы хабарлауға міндетті – министр

2020 жылдың 30 шілде 2020 20:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустан емделіп жатқан азаматтардың медициналық қызметкерлерден қолданылатын препараттар мен оның дозировкалары туралы сұрауға құқығы бар.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл әрбір пациенттің өз құқығы. Ол дәрігерден қандай препарат қандай дозировкамен ағзаға енгізілгені жатқанын біле алады», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында

Оның айтуынша, егер пациенттер ұандай да бір құқықтың бұзылғанынан күдіктенсе, шағымдануға болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алексей Цой Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан жазылған пациенттерді оңалту бойынша арнайы бағдарлама іске қосылатынын хабарлаған болатын.

«Қазір бізде бірқатар бағдарлама әзірленіп жатыр. Тамыз айының басында тарифтерді бекітіп, аталған қызметті іске қоспақпыз. Ол бірнеше кезеңнен тұратын болады», - деді Алексей Цой.


Жоғары қарай