Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Дәрігерлер аянып қалған жоқ: короновирустан жазылып шыққан тұрғын

2020 жылдың 30 шілде 2020 20:45

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 67 жастағы Айтбай Атабаевтың қаладағы көпбейінді провизорлық стационарда емделіп жатқанына 1 апта болған. Бір өлімнен аман қалғаны үшін дәрігерлерге алғысын жеткізді,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылының тұрғыны Айтбай Атабаевтың дене қызуы көтерілген соң жедел жәрдем бригадасын шақыртуға тура келген. Провизорлық стационарда ем алып жатқанына бір апта болды. Биыл алпыстың жетеуіне толған. Ол дәрігерлерге сапалы медициналық көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар жылы шырай танытып, үйдегідей күтім жасаған техникалық қызметкерлер мен медбикелерге де ерекше риза екендігін айтады. Қай-қайсысы да құрмет пен мақтауға лайық деген пікірде.

«Үйде отырғанымда кенеттен жағдайым нашарлай түсті. Сол себепті жедел жәрдем бригадасын шақыртуға тура келді. Дене қызуым 39-дан түспеді. Тіпті аяғымды баса алмай қалдым. Денсаулық – басты байлық. Бұл ретте ақ халатты абзал жандардың еңбегін атап өтпеске болмайды. Қазақ елі тездетіп осы індеттен құтылса деген тілегім бар. Бетперде киіп жүрген дұрыс, халық көп шоғырланатын орындарға баруды азайтқан жөн деп ойлаймын. Ауруханада ем алып қазір тәуір болдым. Дәрігерлер аянып қалып жатқан жоқ», - дейді Айтбай Атабаев.

Жоғары қарай