Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Дәрігер Нәйлә Әлменова: Семейдегі хоспис базасында 70 орындық стационар ашылады

2020 жылдың 25 маусым 2020 22:14

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Бүгінде Семей қаласында коронавирусқа шалдыққандар азаймай тұр. Осы орайда науқастар санының артуына байланысты шаһардағы хоспис базасында қосымша 70 төсек-орын әзірленген. Бұл жайлы ҚазАқпарат тілшісіне №3 емхананың бас дәрігері Нәйлә Әлменова айтып берді.

«Семейде әлі күнге дейін дерт жұқтырғандар анықталып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, СOVID-19 инфекциясына шалдыққандар саны маусым айында 2,8 есе өсіп кеткен. Бұған біршама карантин шектеулерінің алынуы, тұрғындардың отбасылық шараларды өткізуі - бірден бір себеп. Дәрігерлер күндіз-түні дамыл көрмей жұмыс істеудеміз. Науқастар саны көбейе бастағандықтан ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы қосымша стационар ашу жайлы шешім қабылдады. Соның бірі - Семейдегі хоспис базасындағы 70 төсек-орын болып отыр», - дейді Нәйлә Әлменова.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта дәрігерлер БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желілер арқылы халыққа барынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ Семейде тұрғындарды маска киюге шақыратын челлендж басталған.

«Осының нәтижесіне жұрт арасында маска киіп, жеке бас гигиена шараларын ұстанатындар көбейіп келеді. Егер әрқайсымыз өзіміздің, отбасымыздың денсаулығы үшін алаңдасақ, сақтық шараларын қаперде ұстайық. Маскадан бөлек қолғап киіп, қайда жүрсек те әлеуметтік қашықтықты бұзбаған жөн. Бұл індетті бірлесе әрекет етсек қана жеңе аламыз», - дейді дәрігер.


Жоғары қарай