Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Дариға Назарбаева қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

2020 жылдың 21 наурыз 2020 18:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Бұл көктем мен жандану мерекесі, себебі айналамыздың бәрі оянып, гүлденеді және жаңа өмірге әзірленеді. Бұл үміттер мен жаңарудың мерекесі. Әрбір күндеріңіз қуанышқа, жылулық пен сәттілікке толы болсын деп тілеймін. Өмір жолында кездесетін барлық қиындықтар бізді айналып өтсін. Наурыз мейрамында жүрегімізге махаббат пен үміт ұялап, рухымыз бен денсаулығымыз нығая түссін. Биылғы жылы біз Наурызды әдеттегіден басқаша қарсы аламыз. Коронавирус індетінің таралуы мемлекет пен қоғамнан батыл әрекеттер талап етеді. Қазір бізге бірлік, ауызбіршілік, ынтымақ және өзара көмек пен қолдау қажет. Сонымен қатар мейірімділік пен сүйспеншілік керек.

Мен бұл қиындықтарды еңсеретінімізге сенімдімін. Біз бұл індетті жеңеміз. Бұдан да жақсы, мықты боламыз. Қазақстанның әрбір шаңырағына мол дастархан, аманшылық пен молшылық тілеймін. Көктемнің керемет мерекесі Наурыз мейрамы бізге тек бақыт әкеліп, барлық қиындықтар мен ауыртпалықтан арылайық!»,-делінген құттықтауда.


Жоғары қарай