Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дәрі-дәрмек бойынша мониторинг тобы қандай проблемалармен бетпе-бет келді

2020 жылдың 17 шілде 2020 15:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Facebook-тегі тікелей эфирінде Республикалық арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары, Қазақстан балалар үйінің түлектері қауымдастығының президенті Рафаэль Гасанов мониторинг тобы бетпе-бет келген проблемалар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Проблема бар. Кейде ұзақ уақыт бойы шешілмеген түйінді мәселе осындай қиын жағдайда реттеліп кетеді. Қазір біздің арнайы мониторинг тобының мүшелерінің күші дәрі-дәрмекке, оның жеткізілуіне, қымбаттатып сатылуы мәселелерін шешуге бағытталған. Мәселенің көптігі соншалық, олар туралы айтқым да келмейді. Бірінші жағдай - дәрі-дәрмектің дәріханаларға жеткізілмеуіне байланысты. Дәріханаларға бардық, бәрін тексердік. Содан кейін екінші қадамға барып, қоймаларды қарадық. Адамдармен сөйлесе білу керек, ақпараттық алмасу жүргізілуі тиіс. Әріптестерімізбен осы тақырыпта ұзақ әңгімелестік. Дәрі-дәрмекті сатып алу туралы өтініштер «СК-Фармацияға» түсіп жатқан. Басқа мәселе: бұл өтінімдер бойынша жұмыс қалай жүргізілген? Неліктен өтінімді «СК-Фармация» алған да, үш айдан кейін ғана мәселе пысықталған? Дәріханаға дәрі-дәрмек алуға келген адамды өтініштің қашан берілгені қызықтырмайды. Ол үшін ең бастысы - дәрі-дәрмек алу. Кей фармацевтикалық дәріханалар азаматтардың бұл ойымен келіспеді. Тіпті кей жағдайда біз келгенде олар дәріханаларға кіргізбеді де. Бәрі бізді жанжал шығарғысы келетіндер ретінде көрді. Алайда бұл - іс жүзінде олай емес. Қазір Алматыда дәрі-дәрмекті тұрақтандыру қорын құру үшін 5 миллиард теңге қажет. Сондықтан тапшылық аздап сезілмейді», - деді Рафаэль Гасанов.

Әңгіме барысында ол шет қалмаған волонтерлерге алғысын айтты.

«Грант алғанымен, көмекке құлақ аспаған медициналық университеттер бар. Оларды осы гранттардан айыру керек деп ойлаймыз. Мен тіпті С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректорын да білмеймін. Бірақ мен осы университеттің студенттерін жақсы білемін. Олар көмектесуге ерікті ретінде келді. Кейбіреуі - біздің бақылау тобымыздың мүшелері. Олар барынша тырысып жатыр. Біз Алматы әкімінің орынбасарларынан осы еріктілерді мүмкіндігінше қорғауды сұрадық, өйткені олар дәрігерлер мен полицейлермен бір майданда жүр», - деді спикер.


Жоғары қарай