Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дархан Қыдырәлі Моңғолияның «Темірқазық» орденімен марапатталды

2021 жылдың 11 қазан 2021 19:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық Түркі академиясына Моңғолия Сыртқы қатынастар министрі Батмөнхийн Батцэцэг бастаған делегация арнайы келіп, Академия жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат академияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Алқалы кездесуге Моңғолия Сыртқы қатынастар министрі Батмөнхийн Батцэцэг, Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Лувсангийн Баттулга, Моңғолия Сыртқы қатынастар министрлігінің Азия, Тынық мұхит елдері департаменті директоры Эрдэнэцогтын Сарантогос, Моңғолия Парламентінің депутаттары Төмөртоогоогийн Энхтүвшин және Тілеухан Әубәкір қатысты.




Жиын барысында Түркі академиясы шығарған бірқатар кітаптардың таныстырылымы өтті.




Моңғолия Сыртқы қатынастар министрі Батмөнхийн Батцэцэг тамырлас елдердің ортақ құндылықтарын зерттеп, халықтардың бауырластығын бекемдеуде Академияның еңбегін жоғары бағалайтынын жеткізді.




Сонымен қатар, Академия басшысы Дархан Қыдырәліге Моңғолия Президентінің Жарлығымен берілген Моңғолия мемлекетінің жоғарғы марапаты ‒ «Темірқазық» орденін тапсырды.





Жоғары қарай