Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Данияр Сабырбаев: Жемқорлықпен күрес - бұл парасаттылық идеологиясын қалыптастыру

2020 жылдың 23 қараша 2020 11:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жемқорлықпен күрес - бұл парасаттылық идеологиясы мен адалдық мәдениетін қалыптастыру. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Данияр Сабырбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жемқорлықпен күрес қоғамның, оның ішінде азаматтық қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жүргізіледі. Сондықтан онымен күрес тиімділігі бірінші сатыда тұрады. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысы азаматтық қоғам қажеттілігі мен сұранысына жауап реакция десек болады. Бүгінде агенттік бұл сұранысқа дер уақытында әрі барынша тиімді жауап беретін мемлекеттік органға айналып отыр. Азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл формасына келер болсақ, жалпы мұндай форманың, сонымен бірге коммуникациялық құралдардың көп екендігін түсіну қажет. Олардың барлығы үнемі қолданыста болуы тиіс. Аралық мақсат қоймау қажет. Мақсат - жемқорлықты жоюға бағытталуы тиіс»,- деді ол IX Азаматтық форум аясында өтіп жатқан «Азаматтық қоғам жемқорлыққа қарсы» тақырыбындағы сарапшылық алаңда.

Оның атап өтуінше, агенттік азаматтық қоғам тарапынан өзіне барынша жауапты серіктестерді тауып отыр. Олармен бірге «Adaldyq alany», «Sapaly zhol» жобалары тиімді жүзеге асырылып жатыр.

«Жемқорлықпен күрес құқықтық ағартушылықпен де байланысты. Жалпы, жемқорлықпен күрес жаһандық дүние. Сондықтан да агенттік осы бағытта ілгерілеп келе жатыр. Негізінде жемқорлықпен күрес - парасаттылық идеологиясы мен адалдық мәдениетін қалыптастыру. Яғни адам қоғамда ымараға келу, сатып алу қажеттілігінсіз өмір сүру керек. Мынау маңызды, мынаның маңыздылығы төмен деуге болмайды. жемқорлықпен күрестегі әрбір дүние түбегейлі өзіндік сипатқа ие», - деді Данияр Сабырбаев.

Фото:ile-tany.kz

Жоғары қарай