Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 81.3 % жиналды - ҚР АШМ

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 13:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 81.3 пайызы жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«14 қыркүйектегі жағдай бойынша республикамызда 12.9 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. Бұл жалпы алқаптардағы 81.3 пайызы. Ағымдағы орташа өнімділік гектарына 9 центнерге жетті, жалпы 11,7 млн тонна астық бастырылды», делінген хабарламада.

Ведомствоның мәлімдеуінше, егін жинау науқаны штатты режімде өтіп жатыр. Сондай-ақ барлық қажетті жанар-жағармай мен ауыл шаруашылығы техникасы толық көлемде қамтамасыз етілген.


Басты сөздер: ҚР АШМ, Ауыл шаруашылығы,
Жоғары қарай