Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Damumed қосымша жазылған мәліметке қатысты: Бұл техникалық қателік емес

2020 жылдың 12 тамыз 2020 17:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Damumed бас директоры Наталья Киль әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатқан қосымша жазылған мәліметке қатысты жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл техникалық қателік емес. Damumed мобильдік қосымшасы тұрғындар мен денсаулық сақтау жүйесі арасындағы байланыс тетігі ретінде дайындалды, яғни клиникалармен әрі дәрігерлермен байланыс орнату үшін құрылды. Дәрігер тарапынан медициналық ақпараттық жүйеге енгізілген мәліметтер мобильді қосымшада көрінеді. Алайда барлық медицина қызметкерлері кінәлі деген пікірмен келіспейміз. Қазір жарияланып жатқар әрбір оқиғаның өзіндік себебі бар», - деді Наталья Киль.

Оның сөзіне қарағанда, пациенттер тарапынан түсініспеушілік жағдайлары бар.

«Фейк жағдайлары да кездеседі. Дегенмен, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жариялағандай, мәліметтерді қосып жазудың дәлелденген оқиғалары да бар. Сондықтан әр жағдай тексеруді талап етеді және осы іспен медициналық көмекті көрсету тәртібінің орындалуына жауапты адамдар айналысуы керек. Осы жағдайда біз сенімді тарап ретінде шығамыз, яғни қоғамдық бақылау тетігі ретінде. Бұл өз кезегінде цифрландырудың нәтижесі. Осындай ашықтық қоғамдағы барлық процестер үшін стандарт болуы керек», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Damumed төңірегіндегі дауға түсініктеме берді.



Жоғары қарай