Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дағдарысқа қарсы шара: Шағын бизнесті қолдауға 1 трлн бөлінді

2020 жылдың 11 мамыр 2020 16:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл шағын және орта бизнесті қолдауға қосымша бағытталған қаржының жалпы көлемі - 1 триллион теңге. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл шағын және орта бизнесті қолдауға қосымша бағытталған қаржының жалпы көлемі 1 триллион теңгені құрайды. Оның 600 млрд теңгесі Ұлттық банк тарапынан болса, 400 млрд теңге «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша бөлінді», - дейді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Оның айтуынша, «Бизнес жол картасы - 2020» аясында субсидиялау бойынша қаржыландыру екі есеге артты.

«Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа бағыт жасалуда. Бұл – шағын және микробизнесте жүрген кәсіпкерлерді жеңілдікті қаржыландыру. Бұдан басқа, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Өңірлерді дамыту бағдарламасы», «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламалары аясында инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады. Мұның бәрі тура және жанама түрде орта және кіші бизнес субъектілерін қолдайды», - дейді ол.

Еске сала кетсек, елдегі жұмыспен қамтуды және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін Үкімет 5,9 трлн теңге бөлген.



Жоғары қарай