Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

COVID-19 жұқтырған медицина мамандарына төлемақы қалай беріледі

2020 жылдың 15 сәуір 2020 21:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева COVID-19 жұқтырған медицина мамандарына төлемақы қалай тағайындалатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған медициналық мамандарға төлемақы тағайындау бойынша Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірлескен бұйрық шығарды. Онда коронавируспен күреске тікелей қатысқан мамандарға төлемақы беру алгоритмі жазылған. Басты негіздеме - маманның ауру жұқтыру фактісін хабарлау», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Хабарлаудан кейін инфекциялық ауру ошағын анықтау үшін эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі.

«Тексеру нәтижесі арнайы комиссияға жіберіледі. Бұл комиссия құрамына еңбек инспекциясы өкілдері, жұмыс беруші өкілі, санитарлық-эпидемиологиялық ұйым өкілдері және қызметкердің немесе кәсіподақ ұйымының өкілдері кіреді. Аталған бұйрық күшіне енді және жақын арада жұмысын бастайды», - деді Л. Ақтаева.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанның 13 өңірінде 370 медициналық қызметкер COVID-19 жұқтырған. Олардың 28 пайызы - дәрігерлер, 48 пайызы - медбикелер және 23 пайызы - кіші медициналық қызметкерлер.

Еске сала кетсек, наурыз айының соңында ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы шараларға атсалысқан медициналық қызметкерлерге үстемеақы тағайындады.

Қауіптілігі бойынша бірінші топ мамандарының жалақысына айына 850 мың теңге үстемеақы қосылады. Екінші топ - провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметтерінің дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Олардың үстемеақысы айына 425 мың теңгені құрайды. Үшінші топқа карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілері және тағы басқалары кіреді. Олар айына 212 мың теңге үстемеақы алады.


Жоғары қарай