Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

COVID-19: Әзербайжанда бір тәулікте 5 адам қайтыс болды

2020 жылдың 4 маусым 2020 00:21

БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжанда коронавирус инфекциясынан бір тәулікте 5 адам қайтыс болып, індетті жұқтырудың жаңадан 325 жағдайы анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Әзербайжан Үкіметі жанындағы шұғыл штабтың мәліметінше, онымен бір мезгілде бір тәулікте коронавирустан 40 адам жазылып шықты, 96 науқас реанимациядан тұрақты палатаға ауыстырылды, 17 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.

Бүгінге дейін елде барлығы 6260 науқас тіркелді. Қайтыс болды – 76, жазылды – 3665 адам. 2519 науқас ем-домын жалғастыруда. Инфекцияны жұқтыру оқиғаларының жартысынан көбі Бакуде анықталды.


Жоғары қарай