Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

COVID-19: Алматыда медицина мамандарына зәрулік жоқ

2020 жылдың 17 наурыз 2020 23:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыға Қытай мемлекетінен дәрігерлер шақырудың қажетті жоқ. Бұл туралы бүгін қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің БАҚ өкілдеріне берген онлайн жауабында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, Алматыда медицина қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен (арнайы костюмдер, респираторлар, маскалар), дезинфекциялық және антисептиктермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген. Медицина қызметкерлері жұмысқа кіру және шығу кезінде термометриядан өтіп, эпидемияға қарсы шараларды қатаң сақтайды.

Қазіргі уақытта медицина қызметкерлері арасында вирус жұқтыру фактілері анықталған жоқ.

Сонымен қатар, медицина мамандары арасында тапшылық жоқ.

«Қытайдан ешқандай дәрігер шақыртқан жоқпыз. Себебі, оған қажеттілік жоқ. Біздің дәрігерлердің біліктілігі жеткілікті», - деді баспасөз қызметі.

Алматыда күндізгі стационар бөлімшелер штаттық режімде жұмыс істеп жатыр.

Емханаларда мүмкіндікке қарай кейбір қызмет түрлері: дәрі рецептілерін жіберу, уақытша еңбекке жарамсыздық туралы құжат, кеңес беру, түсіндіру жұмыстары онлайн форматқа ауысты.

Дәрігерге жазылу бұрынғы тәртіппен жалғасады.

Жоспарлы операциялар жоспарлы түрде жүргізіледі. Арасында уақыт өзгерістері болуы мүмкін.

«Эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда Алматыда қосымша төсек орындар жасақталады. Әзірге Алматыда провизорлық клиникаларда орын жеткілікті», - деді баспасөз қызметінен.


Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920