Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

CОVID-19: Ақмола облысы «қызыл аймаққа» енді

2020 жылдың 23 қараша 2020 20:17

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы коронавирус бойынша қауіптіліктің «қызыл аймағына» кірді. Бұл туралы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біз қауіптіліктің «қызыл аймағына» кірдік. Әзірге карантинді күшейткен жоқпыз, алдағы ведомствоаралық комииссия отырысында қарайтын боламыз. Жалпы, ведомствоаралық комииссияның шешімімен бірқатар жеңілдетулер болды. Мәселен, сағат 23:00-ге дейін қоғамдық көліктердің жұмыс кестесі ұзартылды. Алайда, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артқан соң, біз одан әрі жеңілдетуді тоқтаттық», - деді облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина ҚазАқпарат тілшісінің сауалына.

Соымен қатар, ол алдағы уақытта карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкіндігін де атап өтті.

«Карантиндік шектеулерді күшейту бойынша біз талдау жүргізіп, байқайтын боламыз. Қазіргі кезде тәулігіне 61 адамнан анықталуда. Әдеттегідей, Көкшетау қаласында көп тіркелуде», - деп толықтырды А.Мусина.

Айта кетсек, өткен бір тәулікте Көкшетау қаласында 28 жағдай тіркелді, Степногор қаласында – 12, Бұланды ауданында – 6, Сандықтау ауданында – 5, Ақкөл ауданында – 3, Жақсы ауданында – 3, Біржан сал ауданында – 2, Есіл ауданында – 1, Бурабай ауданында 1 жағдай анықталды.

Қазіргі кезде, науқастар Егіндікөл ауданынан өзге барлық ауданда анықталды.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясовтың мәліметінше, ресми статистика бойынша өңірде қараша айында коронавирустан 5 адам қайтыс болған.

«Қайтыс болғандардың барлығы хәл үстінде жатқандар, яғни жасы ұлғайған, қант диабеті тәрізді дертпен ауырғандар», - дейді Сүлен Ілясов.

Айта кетейік, бүгін ҚР Үкіметінің басшасы Асқар Мамин ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысын өткізді. Кеңесте коронавирус бойынша «қызыл аймаққа» - 5, «сары аймаққа» 2 өңір еніп отырғаны айтылды.



Жоғары қарай