Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Цифрлық даму саласына жауапты вице-министрлер үшін KPI жүйесі енгізілмек

2021 жылдың 25 қазан 2021 16:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин барлық ведомствода цифрландыруға жауапты вице-министрлер үшін KPI енгізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрбір мемлекеттік органда цифрландыру саласына вице-министр бар. Қазіргі кезде цифрландыру бойынша әр вице-министрде нақты KPI болуы үшін тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз. Бұл тұрғыда ақпараттық жүйелердің қолжетімдігі, автоматтандырудың тиімділігі мен сапасы ескеріледі», - деді Б. Мусин Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, аталған KPI жыл соңына дейін бекітіледі. Ал келесі жылдан бастап тиісті мемлекеттік органның тиімділігін көрсетеді.

«Үйлестіру Цифрлық даму министрлігіне бекітілген. Осындай тетіктер арқылы мемлекеттік органдарды қамтып, тиісті деңгейге шығармақпыз. Қазіргі кезде бір мемлекеттік орган автоматтандыруда ілгері келе жатса, басқалары тұралап қалған. Осындай органдарда архивтері цифрланбай, жұмыстар атқарылмаған. Мәселен, қағаз құжаттарды сұрату қажеттігі болды, яғни зейнетақыны рәсімдеу кезінде еңбек кітапшасы сұралды. Мен қызметке кіріскен кезде осы мәселемен айналыстым, себебі тұғындар осыған байланысты шағымдарын айтты. Шын мәнінде, жергілікті жерлерде кадр мәселесі бойынша еңбек архивтерін цифрландырмайынша, осының барлығын жүргізе алмаймыз. 1998 жылдан бастап жұмысқа кіріскен адамдарға автоматты түрде онлайн қызмет көрсете аламыз, ал ертеректе жұмысты істеудің бастаған адамдар еңбек кітапшаларын тапсыруға мәжбүр. Архифтердің цифрландырылмауы осындай жағдайға алып келіп жатыр. Сондықтан осы мәселелерді KPI-да әрбір вице-министрге қоямыз», - деді Б. Мусин.


Жоғары қарай