Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Чемпиондар лигасы: Украиналық клуб атақты «Реалды» жеңді

2020 жылдың 22 қазан 2020 00:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі кезекті ойындар аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«В» тобындағы «Реал Мадрид» – «Шахтер» арасындағы ойында күтпеген есеп тіркелді. Кездесудің 29-минутында украиналық команданың футболшысы Тете есеп ашты.

Мұнан соң «Шахтер» есепті еселеді. «Реал» қорғаушысы Рафаэль Варан өз қақпасына гол кіргізіп алды. Украина командасының шабуылы мұнымен тоқтаған жоқ.

Бірінші таймның соңына таман шабуылшы Манор Соломон «Шахтердің» үшінші голын соқты.

«Реал» екінші таймда тың өзгерістер енгізді. Шабуыл шебіне француз Кәрім Бензема қосылды. Модрич пен Жуниор корольдік клубтың сапында көзге түсті. Қорытынды есеп – 2:3. Осылайша, «Шахтер» атақты «Реалды» жеңіп, топтық кезеңнің сенсациясын тіркеді.

«А» тобында Германияның «Зальцбург» командасы мен Ресейдің «Локомотиві» сынға түсті. Ойын жылдам шабуылдармен басталып, ресейліктер үшін жемісті болды. 19-минутта шабуылшы Эдер қарсыластар қақпасынан саңылау тапты.

Немістердің жауабы көп күттірген жоқ. Ойынның бірінші бөлігіне жақын тұста Доменек Собослай таразы басын теңестірді.

Қарсыластар екінші таймда бір-бір голдан соғып, тең тарқасты. Гол авторлары: Лисакович пен Юнузович.

Автор Қасқырбай Қойшыманов
Басты сөздер: Украина, Спорт,
Жоғары қарай