Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Чемпиондар лигасы: «Астана» «Динамодан» жеңіліп қалды

2020 жылдың 19 тамыз 2020 01:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысынан аса алған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін «Астана» Беларусьте «Динамо» (Брест) командасымен кездесті. Ойынның бірінші кезеңінде елордалық клуб қарсылас командадан төрт гол жіберіп алды. «Динамо» ойыншысы Михаил Гордейчук 16 минутта қазақстандық қақпашыны қапы қалдырып кетті. Одан кейін тағы бір беларустік футболшы Кирилл Печенин 17 минутта есепті үстемелесе, 22-минутта Михаил Гордейчук екінші голын соқты. Ойынның 37-минутында «Динамо» футболшысы Павел Седько есепті 4:0-ге жеткізді. Ал 45-минутта «Астана» ойыншысы Марин Томасов есеп айырмасын қысқартты. Осылайша бірінші кезеңде алаң иелері 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Екінші кезеңде «Астана» ойыншылары алға ұмтылды. Нәтижесінде 53-минутта Дорин Ротариу гол соғып көзге түсті. Дегенмен 55-минутта «Динамо» сапынан Абдуллай Диалло мергендік танытты. Ал 87-минутта елордалық футболшы Абзал Бейсебеков гол соққанымен, 90-минутта брестік ойыншы Абдуллай Диалло кездесудегі өзінің екінші голының авторы атанды. Кездесуде «Астана» 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Естеріңізге сала кетелік, жеңімпаз небәрі бір ғана ойынның нәтижесі бойынша белгілі болды. Бұл - әлемдегі коронавирус инфекциясы жағдайына байланысты қабылданған шешім.

Айта кетейік, «Динамо» жарыстың келесі сатысына жолдама алды. Ал «Астана» Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысында бақ сынайды.


Фото: fcastana.kz
Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай