Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Чек берілмегені туралы хабарлаған қазақстандықтарға сыйлық беріледі

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 12:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Азаматтық бақылау – чек талап ет» жыл сайынғы акциясы 12 мамырдан бастап өтуде. Осы акция аясында азаматтар фискалдық чектің берілмеуі немесе банк картасын қабылдаудан бас тарту бұзушылықтары туралы хабарлауына болады, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, «Азаматтық бақылау – чек талап ет» акциясына кез келген азамат қатыса алады. Барлық жіберілген арыздар мемлекеттік кірістер органдарында қаралады.

Фискалдық чектің берілмеуі немесе банк картасын қабылдаудан бас тарту бұзушылық фактілері туралы App Store және Play market-тен «Wipon» ақысыз мобильді қосымшасын жүктеп хабарлауға және бұзушылық фактісі расталған жағдайда телефон шотына (1000 теңге) сыйақы алуға болады.

Ағымдағы жылы акция басталғалы азаматтардың хабарламалары бойынша 3 000 бұзушылық фактісі расталды және 3 млн. теңге сомаға сыйақы төленді (оның ішінде қайта бұзушылық жасаған 90 кәсіпкер 2,6 млн. теңге айыппұл төлеуге тартылды).

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымын білдіруге, заң бұзуға мүлдем төзбеушілік көрсетуге және «Азаматтық бақылау – чек талап ет» акциясына белсенді қатусыға шақырады.


Жоғары қарай