Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Чехия президенті ауруханаға жатқызылды

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 18:06

ПРАГА. ҚазАқпарат – Чехия президенті Милош Земан бүгін, сейсенбіде Праганың Орталық әскери ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pravo газетіне сілтеме жасап.

Земан ауруханаға жергілікті уақыт бойынша 11:00-ден кейін жеткізілді. Оған жұбайы Ивана да келді. Газеттің хабарлауынша, президент ауруханада ұзақ жатуы мүмкін.

76 жастағы Земан аяқтың нейропатиясынан зардап шегеді. Осы аурудың салдарынан ол жақында мүгедектер арбасына көшті. Президент есту қабілетінің нашарлағанына және қан қысымының төмендегеніне шағымдануда. Сонымен қатар, ол бұрын қант диабеті бойынша дәрігерлердің бақылауында болған.

Прагадағы Орталық әскери ауруханада өткен демалыс күндерінен бастап Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Клаус та жатыр. Ол қан қысымының күрт көтерілуіне байланысты ауруханаға түскен.


Басты сөздер: Әлем, Медицина,
Жоғары қарай