Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Cемейде үш көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті

2021 жылдың 10 қазан 2021 22:38

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында үш көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кеше сағат 20.45-те Шәкәрім даңғылында болған.

«Lada» автокөлігімен келе жатқан 34 жастағы жүргізуші жол шетінде тоқтап тұрған «Toyota» көлігіне соғылған. Осыдан соң қарсы бағытқа шығып кетіп, 42 жастағы ер адам тізгіндеген «Toyota Rav-4» көлігімен бетпе-бет соқтығысты. Жол апаты салдарынан Lada және Toyota көліктерінің жүргізушілері мен үш жолаушысы түрлі дене жарақатын алды», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижеcі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да жол апатынан 5 адам, оның ішінде 1 жасар бала көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай