Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бюджеттің кіріс бөлігі 1,1 трлн теңгеге ұлғаятын болды

2022 жылдың 7 сәуір 2022 16:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева бюджеттің кіріс бөлігі қалай ұлғаятынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қайта қарау аясында кедендік, салықтық әкімшілендіруді жақсарту бойынша қабылданып жатқан шараларды ескерсек, биыл кірістер 9,2 трлн теңгеден 10,2 трлн теңгеге дейін өседі», - деді Татьяна Савельева Парламентте жаңа заң жобасын таныстыру барысында.

Оның мәліметі бойынша, биыл бензин мен дизельдің акцизін көтеруді көздейтін түзетулер енгізілген.

«Бұл шара аясында Павлодар, Атырау облыстары мен Шымкент қаласынан 161,8 млрд теңге түседі. Осылайша бюджеттің түсімдері 1,1 трлн теңгеге артады. Ал шығыс бөлігін орындау үшін қосымша 2,7 трлн теңге қажет болады. Осыған байланысты Президенттің мақұлдауы бойынша Ұлттық қордан 1,6 трлн теңге кепілдендірілген трансферт тарту ұсынылып отыр. Жалпы биыл Ұлттық қордан бюджетке алынатын кепілдендірілген трансферт көлемі 4 трлн теңге деп белгіленген. Жыл аяғына қарай Ұлттық қордың түсімдері мен шығыстары жағымды теңгерімге келеді», - дейді министр.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров журналистерге Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті нақтылау не үшін қажет болғанын түсіндірген болатын.


Жоғары қарай