Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Былтыр жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті

2021 жылдың 3 наурыз 2021 18:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният былтыр жол-көлік апатынан зардап шеккендер туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол-көлік оқиғаларынан (ЖКО) жарақат алу халықтың өлім-жітімі құрылымындағы себептердің бірі ретінде ерекше назар аударуды талап етеді. Мәселен, 2020 жылы ЖКО-дан 24 952 адам зардап шекті, оның ішінде 1192 адам қаза тапты (3,7%). Олардың 94,5 пайызы жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған, стационарда мерт болғандар саны 5,5 пайыз», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

ЖКО бойынша барлық шақырулардың 68%-ы қалаларда, 13%-ы ауылда және 19%-ы тас жолда тіркелген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, брифинг барысында Ажар Ғиният Қазақстанда салынатын медициналық нысандар туралы айтты.

5 жылда 487-ден астам жаңа МСАК объектілері салынады және осы 2021 жылы 211 нысанның құрылысы жоспарлануда, оның ішінде 83 медициналық пункт, 70 фельдшерлік-акушерлік пункт, 57 дәрігерлік амбулатория және 1 емхана қамтылады.


Жоғары қарай