Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Былтыр сот-сараптамаға 190 мыңнан астам материал түсті – Әділет министрлігі

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 12:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев 2019 жылы сот-сараптама, сот актілерін орындау және мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау бойынша жұмыс бағыттарын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы сот-сараптамаға 190 мыңнан астам материал келіп түсті. Орындалған сараптамалардың үлесі 96 пайыздан асты. Осылайша, министрліктің Стратегиялық жоспарының тиісті көрсеткішіне қол жеткізілді. Бұл ретте, орындалмай қайтарылған материалдар саны айтарлықтай қысқарды (2019 жылы – 2 238, 2018 жылы – 3 014). Қайталама сараптамалар саны 11 пайызға азайды (257-ден 229-ға дейін, оның 153-і расталған, 30-ы расталған жоқ, 26-ы ішінара расталған)», - деп нақтылады вице-министр ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Оның сөзіне қарағанда, 2019 жылы ақылы қызметтер бойынша өсімге қол жеткізілді. Жылдың корытындысы бойынша 386 млн теңге көлемінде ақылы қызметтер көрсетілді.

Бұдан бөлек ол халықпен жұмыс көрсеткіштеріне тоқталды.

«Есептік кезеңде барлығы 383 өтініш келіп түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық (2018 ж. - 306 өтініш). Алайда, арыздардың басым бөлігі өзінің растауын таппағанын атап өткен жөн. Тексеру барысында тек 6 өтініш расталды. Қарау нәтижелері бойынша 16 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді А. Мадалиев.


Жоғары қарай