Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Былтыр елімізде 367 мың жұмысшы зиянды ортада еңбек еткен

2021 жылдың 22 қазан 2021 15:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев зиянды жұмыс орындары ең көп тіркелген өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресми статистика бойынша, 2020 жылы тексерілген кәсіпорындардағы 1,6 млн қызметкердің 367 мыңы (22%) зиянды еңбек жағдайларында еңбек еткен. Олардың ең көп саны Қарағанды (74 мың адам), Павлодар (46 мың адам), Шығыс Қазақстан (37 мың адам) және Маңғыстау облыстарында (32 мың адам) жұмыс істеді», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Комитет басшысының мәліметі бойынша, тек тау-кен өндіру саласында ғана 120,8 мың адам адам зиянды жағдайда жұмыс істеген.

«Шу мен дірілдің жоғары деңгейі жағдайында әрбір екінші жұмысшы (46%), жоғары газды және шаңды аймақта әрбір үшінші жұмысшы (32%) еңбек еткен. 94 мың адам ауыр жұмысқа тартылған», - деді Ербол Нұрғалиев.


Жоғары қарай