Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

БҰҰ климатологтарының үкімі: 2019 жыл ең ыстық жылдардың бірі болды

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 21:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Метеобақылау жүргізіле басталған уақыттан бері 2019 жыл 2016 жылдан кейін ең ыстық болған жыл ретінде танылды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) ресми мәлімдемесіне сүйеніп хабарлады.

Өткен жылы ауа температурасы 1850-1900 жылдарға қарағанда 1,1°C-қа жоғары болды. Атмосферадағы парниктік газдардың концентрациясының рекордты көрсеткіші жағдайында бұл үрдіс жалғасатыны күтіледі.

NASA-ны қоса алғанда, бес дереккөздің мәліметтерін талдай келе, ДМҰ сарапшылары соңғы бес жылда және онжылдықта орташа ауа температурасы рекордтық деңгейге жеткені туралы тұжырымға келді. Онымен қоса, 80-ші жылдардан бастап келесі әрбір онжылдық оның алдыңғыға қарағанда жылы болған.

«Индустрияға дейінгі дәуірдің аяғынан бастап жаһандық орташа ауа температурасы 1,1°C-қа көтерілді. Ал мұхиттың жылынуы рекордтық деңгейге жетті. СО2 эмиссиясының қазіргі арту қарқынында ғасыр соңында температура 3-5°C көтерілуі мүмкін», - деп хабарлады ДМҰ Бас хатшысы Петтери Таалас.

Еске сала кетейік, Париж климаттық келісімінде мүше мемлекеттер ауа температурасының көтерілуін 1,5°C деңгейінде ұстап тұруға міндеттеме алды. Олай болмаған жағдайда, ғалымдар адамзат баласы апатты жағдайға ұшырап, планетаның көптеген бөлігі елсіз жерге айналатынын ескертеді.

«2020 жыл 2019 жылдан «эстафетаны» қабылдады және ол төтенше ауа райы құбылыстарынан басталды. 2019 жылы Австралияда бұрын-соңды болмаған құрғақ және ыстық ауа райы тіркелді. Бұл, өрттердің жаппай өршуіне, адамдарға, жануарларға, бүкіл экожүйеге және жалпы қоршаған ортаға апат әкелді», - деді Петтери Таалас.


Басты сөздер: Әлем, Экология, БҰҰ,
Жоғары қарай