Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Израиль мен Палестина бойынша ашық отырысы 16 мамырға жоспарланды

2021 жылдың 14 мамыр 2021 14:31

ТЕЛЬ-АВИВ. ҚазАқпарат – Біріккен Ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Израиль және Палестина арасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты жексенбі, 16 мамыр күні ашық отырысын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Израильдік тараптың дүйсенбіден бері Газа секторына жасаған соққыларының салдарынан 109 адам (соның ішінде 28 бала мен кем дегенде 11 әйел) қаза тауып, 580 адам түрлі жарақаттар алды, деп жазды Aljazeera.

Израиль армиясының мәлімдемесіне сәйкес, әскери іс-қимылдар басталғалы Израильдің жеті тұрғыны қаза тапқан. Тағы бес израильдік азамат Палестина тарапынан Тель-Авив қаласына жақын орналасқан ғимаратқа жіберген зымыран соққысынан мерт болған.

Израильдің бейсенбі күні Газа секторының жанында қосымша сарбаздар мен танктерді топтастырғаны және тағы 9000 резервтегі әскерді жұмылдыруды бекіткені айтылады.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Газа секторының азаматтық аудандарының Израильдің елді мекендеріне тигізген зымыран соққыларына сын айтып, Израильді «максималды ұстамдылық» сақтауға шақырды.

Reuters мәліметінше, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Израиль және Палестина бойынша ашық кеңесі 16 мамыр, жексенбі күніне жоспарланды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вашингтонның ашық және БҰҰ-мен ашық келіссөздерді толық қолдап отырғанын растағаны хабарланып отыр.


Басты сөздер: БҰҰ, Таяу Шығыстағы ахуал,
Жоғары қарай