Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

БҰҰ басшысы жемқорлық туралы: Ашкөздік барлығына зиян келтіреді

2021 жылдың 14 желтоқсан 2021 14:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мысырда Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі дүниежүзілік конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ-ның жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.

Жиында БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен БҰҰ-ның Есірткі және қалмыс жөніндегі басқармасының Атқарушы директоры Геда Вали сыбайлас жемқорлық әлемнің барлық елдерінде бар екеннін айтты. Оның салдарынан салық төлеушілердің қалтасынан шыққан триллиондаған доллар ауруханалар мен мектептерге жетпей, жемқорлардың қалтасында қалады.

«Сыбайлас жемқорлық қоғамда кең таралған болса, адамдардың көшбасшылар мен мекемелерге деген сенімінен айырады. Ол теңсіздікті ушықтырып, арсыздыққа апарады, әйелдер мен қыздардың жағдайын одан сайын қиындата түседі. Ашкөздік барлығына зиян келтіреді», - деді БҰҰ Басшысы бейнежолдауында.
Антониу Гутерриш сыбайлас жемқорлармен бірге күресуге шақырды.

«Үмітті қайта жағып, институттарға деген сенімді қалпына келтірейік. Қауіпсіз және әділ болашақ үшін әрекет жасайтын уақыт келді», - деді ол.
Айта кетсек, 2003 жылы 31 қазанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенцияны қабылдап, ол 2005 жылы 14 желтоқсанда күшіне енді. БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына мүше елдер конференциясының тоғызыншы сессиясы 17 желтоқсанға дейін созылмақ. Конференция аясында сыбайлас жемқорлықтың түрлі аспектілеріне арналған 75 шара өтеді.


Басты сөздер: Әлем, БҰҰ,
Жоғары қарай