Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Қазақстанға келеді

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 17:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 31 қаңтар - 1 ақпан аралығында Қазақстан Үкіметінің шақыруы бойынша БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ-ның 75-жылдық мерейтойын ұйымдастыру жөніндегі Арнайы кеңесшісі Фабрицио Хохшильдтің сапары күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сапар барысында 31 қаңтарда Фабрицио Хохшильдтің «Digital Almaty» форумына қатысуы, Цифрлық даму, иновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевпен кездесуі, сондай-ақ Алматы қаласында орналасқан Халықаралық ұйымдардың ғимаратына баруы жоспарланып отыр», - деді елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, 1 ақпанда БҰҰ өкілінің сапары Нұр-Сұлтан қаласында жалғасып, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен екіжақты кездесуі, инновациялар жөніндегі «Астана хабына» баруы және Қазақ мемлекеттік заң университетінің студенттерімен кездесуі өтеді.


Жоғары қарай