Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бұрынғы әйелінің мазасын алғаны үшін 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді – ШҚО

2021 жылдың 23 қаңтар 2021 20:43

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының тұрғыны бұрынғы әйеліне барып мазасын алғаны үшін 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол бірнеше рет бұрынғы әйелінің мазасын алған. Бұл жолы мас күйінде түнде оның үйіне барып, сөйлеспекші болған, алайда әйел сыртқа шықпаған. Ашу буған ер адам терезені сындырып, үйіне кірген. Заңсыз әрекеті үшін ол 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді.

«Пробация қызметінің есебінде тұрған азамат қоғамдық орындарда қар күреп, қоқыс жинауға жіберілді. Күніне төрт сағат жұмыс атқарып жатыр. Сотталғанның атқарған жұмысы мен мінез-құлқы тұрақты бақылауда», - деді ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық пробация қызметінің қызметкері, әділет майоры Серік Бекболданов.

Егер қоғамдық жұмысты орындаудан бас тартқан жағдайда қамауға алынады.


Жоғары қарай