Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бұрын 2 облыстың полиция департаментін басқарған генерал-майор ұсталды

2022 жылдың 24 мамыр 2022 16:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубек ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«23 мамырында Антикоррупциялық қызмет 1963 жылы туған полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубекті ұстады. 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының Ішкі істер департаменттерін басқарған. Ол соңғы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін «К» азаматынан алдау арқылы ақша мен мүлкін алды деп күдіктелуде», - делінген агенттік хабарламасында.
Халықұлы ұсталып, Алматы қаласы уақытша ұстау орталығына қамауға алынды.
Тергеу мүддесінде өзге деректер жария етілмейді.

Жоғары қарай