Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бурабайда «WELKOM TO BURABAI» жазуын қиратқан жүргізуші жауапқа тартылды

2021 жылдың 14 маусым 2021 10:59

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай курортында «WELKOM BURABAI» жазуын қиратқан жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға маусымның 13-де кешкі сағат 20:40 шамасында орын алған. «Шкода Супер Б» көлігінің автожолдың 16 шақырымында айналма жолдан өте бергенде көліктің дөңгелегі жарылған. Салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай «WELKOM BURABAI» жарнамалық жазуына соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, автокөлікке техникалық зақым келді. Ал 1986 жылғы жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 610 бабының 1-ші бөлігі «көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деді ведомстводан.


Жоғары қарай