Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бурабайда салынып жатқан алтын өндіру фабрикасында 1 мың адам жұмыспен қамтылады

2021 жылдың 14 мамыр 2021 16:46

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданында салынып жатқан алтын өндіру фабрикасында 1 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Әсет Мұздыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері Бурабай ауданында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша өсудің оң үрдісі қамтамасыз етілді. Өнеркәсіп өсімі – 108,1 пайыз, ауыл шаруашылығында – 107,5 пайыз, инвестиция құюда – 146 пайыз, орташа айлық еңбекақы бойынша - 123,3 пайыз көрсеткіш байқалады.

Аудан әкімінің айтуынша, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,9 миллиард теңгені құрады, яғни нақты көлем индексі-107,5 пайыз болды. Бурабай ауданы көктемгі егіс науқанына 100 пайыз дайын және қазіргі кезде ішінара көктемгі дала жұмыстары басталып кетті.

«Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру барысында 6 миллиард теңге сомасына өнеркәсіптік өндіріс көлемі қамтамасыз етілді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі (НКИ) 108,1 пайызды құрады», - деп атап өтті А.Мұздыбаев.

Ауданда кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу бойынша өндірістің өсуі байқалады – 182,6 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде – 116,6 пайыз, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен жабдықтау – 112,9 пайыз, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау – 100,6 пайыз.

«Ауданда алтын өндіру фабрикасының құрылысы жүргізілуде, өнімділігі жылына 5 миллион тонна («RG Processing» ЖШС). Онда 1 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Кәсіпорынды іске қосу 2022 жылдың соңында жоспарланып отыр», - деп толықтырды А.Мұздыбаев.

Есепті кезеңде ауданда инвестиция көлемі 3,7 миллиард теңгені құрады. Жеке инвестициялар 35,4 пайызға , бюджеттік инвестициялар 8,4 есеге ұлғайды.


Жоғары қарай