Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бурабайда балықтың жаппай қырылуына байланысты тексеру басталды

2020 жылдың 14 қыркүйек 2020 19:45

БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Бурабай көлінде шабақтардың қырылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, таяуда Ақмола облысы Бурабай көлінде қырылған балықтардың видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.

«Жануарларға қауіп төнгенде әрекет ету механизміне сәйкес, 13 қыркүйек күні Ақмола облысы аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының қызметкерлері «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі су қоймасына барды. Су қоймасының жағалау сызығы зерттелді. 6 кг шабақ балық жиналып, утилизацияланды» деп мәлім етті ведомстводан.

Зертханалық зерттеу жүргізу үшін су мен балықтан сынама алынды. Балықтың қырылу себебі зертхана сараптамасының нәтижесі шыққаннан кейін қосымша хабарланады.

Қазір «Бурабай» ұлттық паркі қызметкерлері шабақ балықтарды құтқару жұмысын жүргізіп жатыр.



Жоғары қарай