Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бурабай ұлттық паркінде бір топ жабайы қабан фототұзаққа түсіп қалды

2021 жылдың 25 қаңтар 2021 10:40

БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - Бурабай ұлттық табиғи паркінде жабайы қабандар үйірі фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жануарлардың видеосын Қазақстан президентінің телерадиокешені жариялады.

Бірегей кадрлар Бурабай ұлттық паркіндегі фототұзақты тексеру кезінде алынған.

Айта кетейік, жабайы қабандар әдетте топтасып өмір сүреді.

Бурабайдағы бір топ қабанның арасында оншақты торай жүргені байқалады.

Еске сала кетейік, былтыр күзде жабайы қабандар Нұр-Сұлтанның ортасында да көзге түскен болатын.

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің мәліметіне сенсек, Ақмола облысы төңірегінде 2500-ге жуық жабайы шошқа бар.



Жоғары қарай